logo

Жас жеңіл атлеттер Өскеменде бас қосты

Жас жеңіл атлеттер Өскеменде бас қосты

Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

16-20 жас аралығындағы спортшылар арасындағы біріншілікте 700 қатысушы бар. Турнир үш күнге жалғасады. 

Жарыстың алғашқы күні U16 жас дәрежесінде Қазақстан рекорды орнатылғанын айта кету керек. 400 метрге жүгіруде алматылық Маргарита Косинова бұл арақашықтықты 58.07 көрсеткіште бағындырды.