Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) осы салмақта WBA белдігіне ие кубалық Эрисланди Лараны (29-3-3, 17 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жәнібек Лараға біріктіруші айқас өткізу туралы ұсыныс жасады. Лара, қайдасың? Төбелесейік! Биыл менде төрт белдік болуы керек! Чемпион чемпионмен ғана жұдырықтасуы қажет, - деп жазды Әлімханұлы өзінің Х-тегі парақшасында (бұрынғы Twitter).
Айта кетейік, Эрисланди Лараның австралиялық Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) айқас өткізетіні белгілі. Бұл кездесу Лас-Вегаста 30 наурызға жоспарланған.
Лара рингке 2022 жылғы мамырдан бері шыққан жоқ.