logo

Жалолов пен Дусматов капитандықтан соң бірден подполковник шенін алды

Жалолов пен Дусматов капитандықтан соң бірден подполковник шенін алды

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпиондары Баходир Жалолов пен Хасанбой Дусматов мерзімінен бұрын подполковник шенін алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін екеуі де Өзбекстанның Ұлттық гвардиясында кпитан болған. 

Жергілікті БАҚ өкілдері мұның айтулы жайт екенін жазуда. Себебі әдетте капитаннан соң майор, сонан соң ғана подполковник шені беріледі.

Бұл шешім қабылданарда былғары қолғап шеберлерінің әлемдік аренада Өзбекстанның намысын асқақтатумен қатар, елдегі қауіпсіздік пен тәртіп орнатуға қосқан үлесі де ескерілген.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасында 52 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, чемпион атанды. Ширек финалда ол қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновпен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті. Бұған дейін Дусматов Рио Олимпиадасында чемпмон болған.

Аса ауыр салмақтағы Баходир Жалолов (+92 кг) болса Токио және Париж олимпиадаларында топ жарды. Енді ол спорттағы мансабын кәсіпқой бокста жалғастырмақ.