Жағажай волейболы: Қазақстан командасы Индонезиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Жағажай волейболы: Қазақстан командасы Индонезиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Индонезияның Раджа Ампат қаласында жағажай волейболынан Raja Ampat Open 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Бүгін ерлер мен әйелдер командасы арасындағы плей-офф кезеңінің ойындары өтті. Қазақстан-1 ерлер командасы 1/8 айналымда Филиппин-1 құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Айта кетейік, мұнда Сергей Богату Сергей мен Кирилл Гурин жұбы өнер көрсетеді.

Алайда біздің қалған командалар келесі кезеңге шыға алмады.

Ерлер: Қазақстан-2 - Индонезия-1 (0-2)

Әйелдер: 

Қазақстан-1 - Жапония-1 (0-2) 

Қазақстан-2 - Жаңа Зеландия-1 (0-2) 

Енді Ұлттық құрама ертең ширек финалда Таиланд-1 волейболшыларымен шеберлік байқасады. Барлығы турнирге 10 мемлекеттен 80 спортшы жиналды.



Күн шежіресі