logo

Ыстықкөлді жаттығып, Колумбияға аттанады. Семсерлесушілердің Олимпиадаға жоспары жайында

Ыстықкөлді жаттығып, Колумбияға аттанады. Семсерлесушілердің Олимпиадаға жоспары жайында

Жақында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасына жолдама алды. Мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында құраманың алдағы жоспары жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

"Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Бүгін Қазақстан командасы Ыстықкөлге аттанды. 8-22 сәуір аралығында сол жақта жаттығу жиынын өткізеді.

Содан соң, біздің спортшылар Колумбияда өтетін Гран-при турниріне қатысады. Мұнда командалық жарыс жоқ, нояндарымыз тек жекелей сында өнер көрсетеді.

Гран-приді аяқтаған соң, Будапештте өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысамыз. Францияның Сен-Мор қаласында өтетін әлем кубогі өтеді. Сол жерде командалық жарыста бақ сынаймыз", - деді Байтасов. 



Күн шежіресі