logo

Хамзин бразилиялық қарсыласынан ауыр болып шықты

Хамзин бразилиялық қарсыласынан ауыр болып шықты

Этникалық қазақ Ильяс Хамзин (13-3) RCC Intro 33 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді, оның қарсыласы бразилиялық Лука Жуниор (11-5) болады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жек 14 қыркүйекте өтеді, ал 13 қыркүйекте ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті. Ильяс таразыда 77,6 кг көрсетті, ал оның қарсыласы 77,05 кг, яғни жарты келіден астам жеңіл болды.