logo

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Геннадий Головкинді Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Сізді 2024 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті лауазымына сайлануыңызбен құттықтауыма рұқсат етіңіз және осы қызметте сәттілік тілеймін.

ХОК Сіздің ҰОК-пен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды асыға күтеді және Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы мен спортшылардың пайдасына оның миссиясын және күнделікті қызметін орындауда қолдау көрсету және көмектесу үшін толық дайын.

Сізбен Лозаннадағы Олимпиада үйінде жақын арада кездескенімізге қуанышты боламыз», — делінген ХОК басшысы Томас Бахтың ресми хатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин биылғы жылдың 26 ақпанында ҚР ҰОК президенті болып сайланды.