logo

WORLD INDOOR TOUR GOLD: Бас жүлде кімдерге бұйырды?!

WORLD INDOOR TOUR GOLD: Бас жүлде кімдерге бұйырды?!

Астана қаласында алғаш рет өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті,  деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнирге әлемнің 45 елінен 136 спортшы қатысты. Олардың қатарында 4 Олимпиада чемпионы, 10 Әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 қазіргі Әлем рекордсмені бар.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Ерлер

Сырықпен секіру:

Арманд Дуплантис — 5.80 метр

Ядро лақтыру:

Скотт Линкольн — 20.81 метр

60 м жүгіру:

Демек Кемп — 6,55 секунд

60 м кедергілермен жүгіру:

Жунхю Лю — 7.58 секунд

400 м жүгіру:

Инаки Канал — 46.36 секунд

3000 м жүгіру:

Самуэл Тефера (Эфиопия) — 7:33.80

 

Әйелдер

Биіктікке секіру:

Урте Байкстайт — 1.92 метр

Ұзындыққа секіру:

Милиса Гардасевич — 6.45 метр

60 м жүгіру:

Антоник Страчан (Багам аралы) — 7.21 секунд

60 м кедергілермен жүгіру:

Тоби Амусан — 7.77 секунд

400 м жүгіру:

Катиа Азеведо — 52.64 секунд

1 миль (1,6 км) жүгіру:

Дирибе Уелтежи (Эфиопия) — 4:23.76

Қазақстан сапынан ең үздік көрсеткішті биіктікке секіруден жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая (2-орын) 1,90 метрмен көрсетті.