logo

Волейболшылар Таиландты жеңді

Волейболшылар Таиландты жеңді

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Мадинат-Исайдағы (Бахрейн) Челендж Кубогы аясында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Отандық волейболшылар Таиланд командасымен кездесті. Матч Қазақстан пайдасына 3:2 есебімен аяқталды (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13). 

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Пәкістанға жол берген еді (0:3).



Күн шежіресі