Волейболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар кубогының жартылай финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Вьетнамның Ханой қаласында өтіп жатқан Орталық Азия Ұлттар кубогының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ұлттық құрама Филиппинмен кездесті. Нәтижесінде, қазақстандық волейболшылар 0:3 есебімен (21:25, 15:25, 19:25) жеңіліп қалды.
Нәтижесінде, Қазақстан B тобында екінші орын алып, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Ал филиппиндік команда топта бірінші орын иеленіп, жартылай финалға шықты.