logo

Волейболдан Қазақстан Кубогының ширек финалистері анықталды

Волейболдан Қазақстан Кубогының ширек финалистері анықталды

Ақтөбе қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының топтық бәсекелері мәресіне жетіп, ширек финалға шыққан жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan  Kazinform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

А тобында «Атырауға» тең келер қарсылас болмады. Атыраулықтар «Есіл» (СҚО), «Буревестник» (Алматы) және «Тараз» командасын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша олар ширек финалда Б тобында төртінші орын алған «Жетісу» клубымен кездесетін болды. 

Б тобында «Жетісу», «Павлодар» және «Жайықты» 3:2 есебімен қапы қалдырған алаң иелері үздік шықты. Ақтөбеліктер ширек финалда «Есілмен» шеберлік байқасады. 

Өткен жылғы ел кубогының иегері «Павлодардан» 3:0, «Жетісудан» 3:1 есебімен айласын асырған Оралдың «Жайығы» жартылай финалға шығу үшін «Буревестникпен» таласады.

Сондай-ақ «Тараз» - «Павлодар» матчының жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады. 
Ширек финалдық ойындар 11 қазан күні өтеді. Финал 13 қазанға белгіленген.



Күн шежіресі