logo

Волейболдан Қазақстан кубогы: «Жетісу» мен «Қуаныш» финалға шықты

Волейболдан Қазақстан кубогы: «Жетісу» мен «Қуаныш» финалға шықты

Петропавл қаласында волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогы ойындарында финалға шыққан командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші жартылай финалда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Берел» (Өскемен) клубтары алаңға шықты.

Алдымен Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын өскемендік қыздар қатарынан екі партияны алды – 25:22, 25:21. Бұдан кейін жеңіс жақын тұрғандай көрінген. Бірақ олай болмады. Сербиялық маман Марко Гршичтің шәкірттері ойын тізгінін уыстарынан шығармай, камбэк жасай білді – 25:18, 25:21, 15:11. Жалпы есеп – 3:2.

Алаң иелері «Қуаныш» (бас бапкері Азамат Есімов) командасы Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын Қазақстан чемпионы «Тұран» (Түркістан) клубын оңай ұтты – 3:0 (25:17, 25:15, 25:14).

Осылайша, дүйсенбі күні «Жетісу» мен «Қуаныш» финалда алтын жүлдені сарапқа салады. Ал «Берел» мен «Тұран» қола медаль үшін таласады.