logo

Волейболдан ерлер арасындағы ел чемпионаты жалғасуда

Волейболдан ерлер арасындағы ел чемпионаты жалғасуда

Павлодар қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық маман Виктор Козик жаттықтыратын Оралдың «Жайығы» атыраулықтарды 3:0 (25:16, 25:17, 25:11) есебімен ұтты.

Осылайша, 16 ұпай жинаған оралдықтар турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Бұған дейін көш бастаған «Жетісу» (Талдықорған) Алматының «Буревестнигінен» жеңіліп қалды — 0:3 (24:26, 20:25, 18:25).

«Павлодар» ел чемпионы «Таразды» 3:0 (25:15, 27:25, 31:29) есебімен тізе бүктірді.
Алаң иелері 15 ұпаймен «Жетісу» клубымен теңесті.

Кубок және суперкубок иегері «Ақтөбе» СҚО-ның «Есілінен» басым түсті — 3:0 (25:13, 25:20, 25:18).

20 желтоқсан күні «Атырау» — «Жетісу», «Ұшқын-Көкшетау» — «Ақтөбе», «Есіл» — «Жайық», «Буревестник» — «Павлодар» командалары қай мықтыны анықтайды.



Күн шежіресі