logo

Волейбол, жеңіл атлетика, таэквондо және оқ ату: Қазақстандық спортшылардың Паралимпиадада 31 тамызда өнер көрсету кестесі

Волейбол, жеңіл атлетика, таэквондо және оқ ату: Қазақстандық спортшылардың Паралимпиадада 31 тамызда өнер көрсету кестесі

Паралимпиаданың үшінші күні Парижде Қазақстанның бес өкілі өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Медальдар үшін шайқасқа Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Севда Алиева оқ атудан сынға түседі. Сондай-ақ, осы спорт түрінен еліміздің намысын Еркін Ғаббасов қорғайды.

Жеңіл атлетикада Қазақстан үшін көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында найза лақтыруда Гүлбахыт Қайыржанова өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, екі таеквандист - Нұрлан Домбаев (80 келіге дейін) және Нышан Өмірәлі (80 келіден жоғары) өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Парижде екінші матчтын Қазақстан волейбол командасы өткізеді. Францияны жеңгеннен кейін олар Босния мен Герцеговина командасымен бақ сынасады.

Волейбол, жеңіл атлетика, таэквондо және оқ ату: Қазақстандық спортшылардың Паралимпиадада 31 тамызда өнер көрсету кестесі



Күн шежіресі