logo

Владислав Яковлев академиялық есуден Олимпиада квотасын иеленді

Владислав Яковлев академиялық есуден Олимпиада квотасын иеленді

Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында академиялық есуден Олимпиадаға іріктеу турнирі өтуде. Қазақстандық Владислав Яковлев Олимпиадаға іріктеуден өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы жекелей сында өнер көрсетті.

Ол 2000 метрді 6:59.46 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, бірінші орын иеленді.

Екінші орынды индонещиялық Мемо, үшінші  орынды үндістандық Балраж Панвар еншілеген.