Виктор Темиров Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (8-0, 6 КО) келесі жекпе-жек күнін білді, деп хабарлайды Sport+.
Жеңілмеген кәсіпқой былғары қолғап шебері 5 қыркүйекте Алматыда өтетін бокс кешінде рингке оралады. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ. Темировтың жекпе-жегін Ali Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясы таныстырды:
«Виктор Темиров — Германияда табысты өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой бокстың жарқын өкілі! Ол 8–0 рекорды бар жеңілмеген боксшы және жеңіліс бағанындағы „нөлін“ сақтап қалуға ниетті. Ал Виктордың қарсыласы кім болмақ? Жақында білесіздер», — деп жазды промоушеннің баспасөз қызметі.
Виктор Темиров соңғы жекпе-жегін 14 маусымда Германияның Ганновер қаласында өткізіп, үшінші раундта поляк Лукаш Барабашты (4-17, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Профи рингінде Виктордың лақап аты — «Қасапшы», алайда неміс жанкүйерлері оны кәсіби мансабын Германияда бастаған жас Геннадий Головкинмен салыстырады.