Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында қола медаль жеңіп алды
Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды. Оның өнерін төрешілер 235.4583 ұпаймен бағалады.
Алтын медальді Ранджуо Томблин иеленді — 249.2033 ұпай. Екінші орынды Муе Го алды — 245.6576 ұпай.