Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды

Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды

Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының суперфиналында Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Шешуші өнер көрсету барысында қазақстандық спортшы 248.5525 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған күміс жүлде әкелді.

Алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин жеңіп алды — 255.9600 ұпай. Ал италиялық Филиппо Пелати 246.2639 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, кеше Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдегер атанған болатын.



Күн шежіресі