Николай Веретенников жеңістен кейін: Біз енді ғана бастаймыз
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Николай Веретенников лиганың соңғы турнирінде қол жеткізген жеңісінен кейін әлеуметтік желіде өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
«Мен октагонға жалғыз шықпаймын. Артымда менің командам, отбасым және жанкүйерлерім тұр. Әрбір спарринг, әрбір жаттығу, әрбір ауыр сәт — біз мұның бәрінен бірге өттік. Осы жеңіс үшін, сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл — біздің ортақ жеңісіміз, әрі біз енді ғана бастаймыз», — деп жазды Николай Instagram парақшасында.
Айта кетейік, ол 7 ақпанда Прайсты бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.