Веретенников UFC-де нокаутпен жеңіске жетті
Қазақстандық ММА жауынгері Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде Нико Прайсты бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Бұған дейін Веретенников UFC-де тағы бірнеше жекпе-жек өткізіп, бір кездесуде төрешілер шешімімен жеңіске жетсе, бір жекпе-жекте жеңіліске ұшыраған.
Бұл — қазақстандық спортшының әлемдегі ең үздік лигадағы екінші жеңісі және мансабындағы 14-ші жеңісі.