Валерия Попелова Азия ойындарында нысана көздеуден финалға өтті

Валерия Попелова Азия ойындарында нысана көздеуден финалға өтті

Қазақстан құрамасының өкілі Валерия Попелова Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында нысана көздеуден финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Іріктеу қорытындысы бойынша Попелова сегізінші орын алып, финалға өтті.

Іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені Оңтүстік Корея өкілі Чу Га Ын көрсетті. Ал Нина Старова 43-орын, ал Сәуле Әлімбек 48-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі