logo

«Валенсия» мен «Реал Мадрид» Испания Суперкубогын сарапқа салады. Турнир финалының тікелей эфирі

«Валенсия» мен «Реал Мадрид» Испания Суперкубогын сарапқа салады. Турнир финалының тікелей эфирі

28 қыркүйекте баскетболдан Испания Суперкубогының финалдық матчында «Валенсия» мен «Реал Мадрид» жүлдені сарапқа салады. 

«Реал» жартылай финалда «Тенерифені» 72:71 есебімен жеңді. Мадрид командасындағы ең нәтижелі ойыншылар аргентиналық Габриэль Дэк пен испандық Серхио Юль болды — екеуі де 12 ұпайдан жинады.

Ал «Валенсия» «Уникаханы» 93:87 есебімен ұтты. «Валенсия» сапында ең нәтижелі ойыншы — 20 ұпай жинаған америкалық Омиари Мур болды.

Финал 22:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.