Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия кубогының екінші алдын ала іріктеу кезеңін Кувейтке қарсы кездесумен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Матч Кувейт құрамасының пайдасына 87:85 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы сапында Роберт Пан 25 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы атанды. Ал Амиралы Сүлейменов 17 ұпай еншіледі.

Қазақстандық баскетболшылар келесі кездесуін 28 қарашада Бахрейн құрамасына қарсы өткізеді.