23 қарашада «Велотрек» спорт кешенінде «Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига аясындағы алғашқы үй матчын өткізеді.

Елордалық команданың қарсыласы — «Барсы Атырау фарм» клубы.

Қос команда бұған дейін Атырауда өткен Қазақстан кубогы аясында кездескен болатын. Сол ойында Антон Пономаревтің шәкірттері 64:57 есебімен жеңіске жетті.

Биылғы маусымда екі команда да екі кездесуден өткізді. «Астана» сырт алаңда «Алматы Легионын» жеңіп, сенсация жасаса, «Барсы Атырау фарм» алғашқы екі матчында да «Атырау Барыстарына» есе жіберді.

Матч Астана уақытымен сағат 19:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.