«Валенсия» Испания тарихындағы екінші Суперкубокты жеңіп алды (видео)

Баскетболжан Испанияның жыл сайын өтетін Суперкубогының финалы Малагада өтті, деп хабарлайды Sport+.
«Валенсия» «Реалды» 98:94 есебімен жеңіп, тарихындағы екінші Суперкубокты иеленді.
Ең нәтижелі ойыншы — 19 жастағы Серхио де Ларрея, ол 21 ұпай жинады. Ал мадридтік командада хорват ойыншысы Марио Хезоня 19 ұпаймен көзге түсті.