Үздік мергендер командасы белгілі болды
Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
10 метрден тапаншамен оқ атудан аралас жұптық сын (микст):
?Шымкент-1 (Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин)
?Алматы-2 (Валерий Рахымжан мен Валерия Попелова)
?Алматы-1 (Дилара Вахитова мен Эльдар Иманқұлов)
Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (әйелдер):
?Шымкент қаласы (30 ұпай)
?Алматы қаласы (25 ұпай)
?Павлодар облысы (20 балл)
Тапаншамен 10 метрден оқ ату (ерлер):
?Алматы қаласы (30 балл)
?Шымкент қаласы (25 балл)
?Астана қаласы (20 балл)
10 метрден жылжымалы нысана көздеу (микст):
?Алматы қаласы
?Шымкент-1 қаласы
?Шымкент-2 қаласы
Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (ерлер):
?Алматы қаласы (30 ұпай)
?Шымкент қаласы (25 ұпай)
?Павлодар облысы (20 балл)
Тапаншамен 10 метрден оқ ату (әйелдер):
?Алматы қаласы (30 балл)
?Шымкент қаласы (25 балл)
?Павлодар облысы (20 балл)
10 метрден жылжымалы нысана көздеу (әйелдер):
?Шымкент қаласы
?Алматы қаласы
?Жамбыл облысы
Жарысқа 7 аймақтан 100-ден аса спортшы қатысты. Жалпы есепте Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанса (7 алтын, 7 күміс, 2 қола), Алматы қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Астана қаласының спортшылары түйіндеді.
Бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысты. Олар: Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин.