Үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы анықталды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
Дүбірлі дода Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.
Құрлық біріншілігінде U19 және U15 жас санаттары бойынша жүлделер сарапқа салынады. Төменде алдағы чемпионатта Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі ұсынылған.
U19: Алан Құрманғалиев, Қадыралы Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Арнұр Оралханов, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Алиса Цвигун, Дарья Гамова.
U15: Нұрдәулет Азаматұлы, Мансур Сүйіндік, Игитали Сұлтанмұратов, Марлен Жұмағұл, Мария Лукьянова, Жания Бекмұхамбетова, Ойдин Камилжанова, Амира Әлімгерей.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықтың қорытынды кезеңін өткізуде. Спортшылар Астана қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Еске салсақ, жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында Бангкок қаласында өтеді.