Ыстанбұлда өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында жұптық сынның ширек финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық Алан Құрманғалиев пен ирандық Беньямин Фараджи жұбы Үндістан өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяға қарсы ойнады.
Тартысты өткен кездесу бес партияға созылып, жанкүйерлерді соңына дейін қобалжытты.
Нәтижесінде Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша, қос спортшы әлем чемпионатының кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етті.
