logo

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Ташкентте жолдамаға таласады

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Ташкентте жолдамаға таласады

17-19 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Турнир барысында Олимпиада квотасы сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олимпиада жолдамасына Қазақстан сапынан төмендегі спортшылар таласады: 

Кирилл Герасименко, Алан Кұрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова.

Қазіргі таңда оқу-жаттығу жиынын аяқтаған спортшылар Ташкентке ұшып кетті. 

«Біздің алдымызда төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа бабымызда барып, ерлер мен әйелдер арасында бір-бірден, жалпы есебі екі жолдама алу міндеті тұр. Қазіргі таңда спортшыларымыз жақсы дайындық өткізді. Қаңтар айынан бері жоспарланған турнирлердің бәріне қатыстық. Жаттығу жиынында жекелеген қателіктермен жұмыс істеп, әрбір теннисшінің ойын мәнерін жетілдіруге тырыстық. Ташкентте Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және Қазақстан спортшылары олимпиадалық квотаны өзара сарапқа салады. Біз Өзбекстан астанасына жолдама алу үшін барамыз», - деді бас бапкер Эльмира Әлиева. 

Айта кетелік, іріктеу сынында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана квотаға иелік етеді.