Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Болгариядағы халықаралық жарыста бақ сынайды

Болгарияның Панагюриште қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Panagyurishte турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Үндістан, Италия, Ирак, Қазақстан, Корея, Молдова, Румыния, Словакия, Сербия, Тайбэй, Украина, Франция және Жапония спортшылары қатысуда.
Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева, Дастан Кенжіғұлов, Сарвиноз Миркадирова, Владислав Захаров, Жанерке Көшкімбаева, Санжар Жұбанов, Искендер Харки және Ырысбек Артықметов өнер көрсетуде.