Хорватия астанасы Загребте таеквондодан CROATIA OPEN G-1 халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа Мырза Нұралнұлы жетекшілік ететін Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы қатысуда.
Қазақстандық үш спортшы — Балгерім Өтегова, Нұрай Амангелді және Сабина Тұртұлова финалға жолдама алды.
Шешуші белдесулердің қорытындысы бойынша Нұрай Амангелді мен Балгерім Өтегова алтын медаль жеңіп алса, Сабина Тұртұлова күміс жүлдегер атанды.
