Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

Қылышпен семсерлесуден шешуші кездесуде отандасымыз Түркия өкілі Беррак Джанденизбен шеберлік байқасты.

Нәтижесінде түркиялық спортшы 15:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасындағы өнерін күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева (52 келі) мен велоспортшы Анель Ташбай алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ал боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 келі) мен Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Марал Төлепберген (бокс, 54 келіге дейін), Любовь Юн (таеквондо, 63 келіден жоғары) және Рамазан Айнегов (триатлон) Қазақстан қоржынына үш қола медаль салды.