logo

Үш қазақстандық Сингапур қаласындағы ірі турнирде өнер көрсетеді

Үш қазақстандық Сингапур қаласындағы ірі турнирде өнер көрсетеді

19 ақпан мен 1 наурыз аралығында Сингапур қаласында үстел теннисінен мерейтойлық, бесінші мәрте өтетін беделді «WTT Singapore Smash» турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport+.

Бұл додада әлемнің үздік спортшылары рейтингтік ұпайлар мен 1 миллион 550 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынайды.

«WTT Singapore Smash» турниріне халықаралық рейтингтің ТОП-10 қатарына кіретін барлық ойыншылар қатысады. Олардың қатарында әлемнің бірінші ракеткалары — Ван Чуцинь (Қытай) мен Сунь Инша (Қытай) бар. Қазақстан атынан Кирилл Герасименко, Алан Кұрманғалиев, Зауреш Ақашева өнер көрсетеді.



Күн шежіресі