Ұлы жеңіс күнімен!

Sport Plus медиа-тобының ұжымы 9 мамыр - Ұлы жеңіс күнімен құттықтайды!
Бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалатыны сөзсіз.
Баршаңыздың деніңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!