Ұлттық лига көшбасшыларының шайқасы: «Астана» – «Алматылық легион» матчының тікелей эфирі
Қазақстанның баскетболдан ұлттық лигасы аясында елорда паркеттің үстінде чемпионаттың алғашқы екі командасы — «Астана» мен «Алматылық легион» кездеседі.
Рамунаc Цвиркастың шәкірттері ұлттық лигада әзірге жеңіліссіз келе жатыр. Ал алматылықтардың еншісінде 14 матчта 9 жеңіс бар, соның ішінде 5 жеңілістің екеуі дәл «Астанаға» қарсы ойындарда тіркелген.
Алматыда өткен кездесулерде астаналықтар 106:73 және 92:53 есебімен жеңіске жеткен.
Матчтың басталуы — 20:00. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.