УГМК — Еуразиялық лиганың алғашқы турының жеңімпазы
Ерлер командалары арасындағы үстел теннисінен Еуразиялық лиганың Суперлигасының алғашқы туры Павлодарда аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Жарыстың жеңімпазы Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасы атанды. Екінші орынды «Nomad Pro» (Астана) иеленді. Үздік үштікті «TTF Shymkent» (Шымкент) түйіндеді.
Еуразиялық лиганың екінші туры мамыр айында өтеді.