Türkiye Open: Батырхан Төлеуғали соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
Бүгін Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні ерлер даянгқа шығып, Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
🥇Батырхан Төлеуғали (-87 кг) U21 санатында әлем чемпионы
🥈Абылайхан Мергенбай (-63 кг)
🥈Эльдар Бірімбай (-74 кг)
🥉Бейбарыс Қабылан (+87 кг) U21 санатында әлем чемпионы
Айта кетейік, кеше ересектер арасында Қазақстан әйелдер командасы 1 күміс, 4 қола жүлдеге ие болған. Олар:
🥈 Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;
🥉 Нодира Ахмедова (49 кг) қола;
🥉 Мария Севостьянова (-53 кг) қола;
🥉 Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;
🥉Назым Махмутова (+73 кг) қола;
Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысты.