Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Sport+ бас директоры Олжас Абраевты қабылдады
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Sport+ медиатобының бас директоры Олжас Абраевпен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесуге ҚР министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов та қатысты.
Кездесу барысында Абраев телеарна құрылған сәттен бастап қысқа уақыт ішінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Атап айтқанда, Sport Plus Qazaqstan жұмысының жарты жылдығында Қазақстанның барлық аумағында күн сайын таратылатын түрлі спорттық контенттен тұратын топтаманы біріктірді. Аудиторияның кең ауқымы көрермендерді спорт әлеміне барынша тиімді тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ белсенді өмір салты идеясының таралуына ықпал етеді. Телеарна мамандарының тәжірибесі кез келген қиындықтағы тікелей эфирлерді ұйымдастыруға, сондай-ақ футбол, баскетбол, бокс, күрес, аралас жекпе-жек, жеңіл атлетика, мотоспорт, қысқы спорт түрлері бойынша сапалы контент жасауға мүмкіндік береді.
Sport Plus Qazaqstan ұлттық спорт түрлерін белсенді қолдайды. Бұл ретте ұлттық спорт түрлерің көрермендері арасында танымал болуына ықпал етіп қана қоймай, еліміздің мәдени мұрасын дамытуға да үлес қосады. Бұл медиатоп стратегиясының маңызды шарты, себебі спорттың салауатты өмір салты мен халықтың ұлттық бірегейлігіне ықпал ететін үлкен әлеуметтік маңызы бар. Телеарна үнемі бәйге жарыстарын және ат жарысының бірнеше түрлерін көрсетеді, сонымен қатар тақырыптық бағдарламалар шығарады.