Тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды
Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Туризм және спорт Министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш жарыста Қазақстан сапынан 3 спортшы сынға түседі. Олар - Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай.
Аталған Ұлттар кубогына әлемнің 49 елінен 291 спортшы қатысып жатыр.
Әлемдік дода 4 ақпанда мәресіне жетеді.