logo

Тегерандағы жарыстағы жүлде саны 9-ға жетті

Тегерандағы жарыстағы жүлде саны 9-ға жетті

Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда таеквондодан G1 санатындағы Fajr Open халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бәсекенің төртінші күнінде құрама қоржыны екі қола медальмен толықты. Тамерлан Тілеулес (58 кг) пен Нұрқанат Қожахмет (80 кг) жартылай финалда қарсыласқа есе жіберіп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Осыған дейін Бейбарыс Қаблан (87 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) күміс жүлдегер атанған. Ал Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Ботакөз Қапанова (49 кг), Камила Аймұқашева (62 кг) мен Айдана Сүндетбай (53 кг) қола медаль алды.

Айта кетейік, бұл жарысқа 11 мемлекеттен 320 спортшы қатысып жатыр.