Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды
Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.
Алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды — 24:14. Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.