Ташкентте Қазақстан жеңіл атлеттерінің қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Ташкентте Қазақстан жеңіл атлеттерінің қоржыны тағы бір алтынмен толықты

400 метрге жүгіруде Михаил Литвин өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Sport+.

Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлет қашықтықты 46,35 секундта жүгіріп өтіп, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл нәтиже Михаил үшін ерекше маңызға ие. Соңғы төрт жылда ол 400 метрді мұндай жылдамдықпен жүгіріп көрмеген. Литвин бұдан жоғары нәтижені соңғы рет 2022 жылдың 9 маусымында Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында көрсеткен.

Ташкенттегі жеңіс Михаил үшін ағымдағы маусымдағы алғашқы жеңіс болды.



Күн шежіресі