Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: қазақстандық қыздардың жекелей сайыстағы нәтижелері

Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем біріншілігі аясында әйелдер арасында жекелей сайыс өтті.
Онда Швейцария спортшысы Марлен Ройссер жеңіске жетті. Екінші орынға нидерландтық Анна Ван Дер Брегген тұрақтаса, үздік үштікті тағы бір нидерландтық велошабандоз Деми Воллерин түйіндеді.
Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.