logo

Танымал спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Танымал спортшылар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Астана қалалық спорт басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері және елордалық танымал спортшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасу өзенінің айналасын қоқыстан тазартып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сенбілікке Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Едіге Емберді, таэквондодан Азия чемпионатының жүлдегері Тілеуқабыл Әділ,  таэквондодан халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР Кубогының жеңімпазы Сапархан Аяжан да қатысты.

Астана қаласы №9 балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы Айдын Толықбаевтың сөзінше, сенбілікке спорт ұжымдарынан 200 -ден астам адам қатысуда.



Күн шежіресі