Таеквондошылар Түркиядан жүлделі оралды
Таэквондодан Анталияда өткен «Turkish open» халықаралық турнирінде Қазақстан спортшылары қос күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Әйелдер арасында 73 келі салмақ дәрежесінде Жансель Дениз финалға шықты. Ол өз жолында Катар, Чехия және Түркия сплртшыларынан басым түсті. Финалда қазақ таеквондошысы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы француз Альтея Лоренге жол берді.
Ерлер арасында 73 келіде Самирхон Абабакиров ақтық бәсекеде Еуропа чемпионы францкз Сириан Раветке ұтылып күміс жүлдегер атанды. +87 келіде Руслан Жапаров үшінші орын алды.