logo

Таеквондодан тағы бір жолдама

Таеквондодан тағы бір жолдама

Самирхон Абабакиров Тайаньдегі (Қытай) лицензиялық турнирде Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

Қазақстандық таеквондошы жартылай финалда филиппин Курт Бриан Барбостан басым түсті. Осылайша 58 келіде Париж Олимпиадасына жолдама иеленді.

Бұған дейін Батырхан Төлеуғали (80 кг) лицензия иегері атанды. Өкінішке қарай, әйелдер арасында Жансел Дениз (67 кг) жартылай финалда жеңіліс тапты.



Күн шежіресі