Таеквандошы Батырхан Төлеуғали Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін әсерімен бөлісті

Таеквандошы Батырхан Төлеуғали Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін әсерімен бөлісті

Таеквандодан Қазақстан чемпионатының 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Батырхан Төлеуғали Sport+ телеарнасына сұхбат берді. 

— Жеңістен кейін жақсы әсердемін, алдағы уақытта тағы бір жарыстар бар, соларды ұтып бір қуанбасақ. Қарсыласым маған ағам ретінде болып келеді. Ол — Атырау қаласының жігіті, өте мықты спортшы. Жаттығуларда біздер спарригте бірге төбелесеміз. Олимпиадаға дайындалуға маған көмектескен осы кісі болды. Мені қолдаған жандарға және бапкерлеріме алғысым шексіз.

Батырхан Төлеуғали — Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған таеквандошыларыдың бірі.