Шымкентте XXXV Qosanov Memorial турнирінің ашылу салтанаты өтті

Шымкентте XXXV Qosanov Memorial турнирінің ашылу салтанаты өтті

Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қазақ жеңіл атлетикасының ардагері Әмен Тұяқов, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов қатысты.

Ғұсман Қосановтың құрметіне арналған дәстүрлі турнир биыл 35-рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысуда.

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде спортшылар бірнеше дисциплина бойынша финалдық бәсекелерде сынға түсті. Ертең, 1 шілде күні, XXXV Qosanov Memorial турнирінің екінші жарыс күні өтеді.

Жеңіл атлетика мерекесіне келіп, спортшыларға қолдау білдіріңіздер. 
Кіру тегін.