logo

Шымкенте стенд атудан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Шымкенте стенд атудан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Шымкентте стенд атудан Қазақстан біріншілігі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткен ел чемпионатына 9 өңірден 120 спортшы қатысты. 

Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Жетісу және Түркістан облысынан келген мергендер өз шеберліктерін көрсетті. 

Жалпы командалық есепте бірінші орынды шымкенттік спортшылар иеленді. Жарыс қожайындары турнирде 25 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 9 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль бар. 

Екінші орында 20 жүлде (7 алтын, 6 күміс және 7 қола) иеленген Алматы қаласы, үшінші орында 15 медаль алған (4 алтын, 5 күміс, 6 қола) Қызылорда облысы орналасқан. 



Күн шежіресі