logo

Сұрмергендер Әлем Кубогында жүлде салды

Сұрмергендер Әлем Кубогында жүлде салды

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Әлем Кубогында қос қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Отандық спортшылар екі жүлдені де аралас командалар арасындағы сайыста иеленді. 

Осылайша, Адрей Тютюн және Адель Жексенбинова блоктық садақта ұола жүлдегер атанса, Дәулеткелді Жаңбырбай және Алина Ильясова классикалық садақта үшінші орынға тұрақтады.